logo
Қз

Standard & Poor's Financial Services LLC халықаралық рейтингтік агенттік «Еуразиялық Банк» ақ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін B/B деңгейінде растады

2018 жылғы 29 маусымда, Баспасөз-релиз, Алматы қ.  «Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігінің банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін B/B деңгейінде растағанын, сондай-ақ критерийлердің қайта қаралуына байланысты ұлттық шәкіл бойынша рейтингін көтергенін мәлімдейді.

 

Standard & Poor’s (бұдан әрі — агенттік) баспасөз-релизінде банктің Қазақстанның банктік жүйесі үшін маңыздылығы атап өтілген, бұл «оның бөлшек депозиттерінің сегментінде елеулі нарықтық үлесін және тұтынушылық кредиттер (әсіресе автокредиттер) сегментінде көшбасшылық позициясын, сондай-ақ банктік жүйені қайта капиталдандыру бағдарламасына қатысуын айқындайды».

 

Банктің Басқарма төрағасы Логинов Павелдің айтуынша,  «Еуразиялық банк табысты бизнес-модельді тұрғызуға ұмтылады. Рейтингтік агенттіктің әрекеттері және осы жылдың 5 айына банктің операциялық қызметінің қорытындылары банктің даму стратегиясындағы дұрыс таңдалған бағытты, оның бөлшек бизнес жағына бұрылғанын көрсетеді. Банктің тұрақтылығын, сондай-ақ S&P агенттігі растаған, ол банктің рейтингін халықаралық шәкіл бойынша бұрынғы деңгейінде (B/Neg/В) сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар  ұлттық шәкіл бойынша kzBB бастап kzBB+ дейін рейтинг бойынша болжамды көтерді».

 

Банк туралы

Eurasian bank — 24 жылдық даму тарихы бар қазақстандық коммерциялық әлеуметтік маңызды қаржылық институт. Банк бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады және корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің үздік 10-дығына кіреді.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.