logo
Қз
Yerlanbek_Kappar_01

Қазынашылықтың басқарушы директоры Еуразиялық банк Басқармасының жаңа мүшесі болып сайланды

Банк Басқармасының құрамы жетінші адаммен толықты

 

“Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 23 маусымнан бастап Банк Басқармасының жаңа мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары болып Банк Қазынашылығының басқарушы директоры Ерланбек Қаппар сайланды.

 

Жаңа лауазымда Е.Ж.Қаппар мырза халықаралық қатынастар, борыштық міндеттемелерді шығару мен акционерлік капитал мәселелерін, сондай-ақ кастодиандық операциялар бөлімін қоса алғанда, Қазынашылық операциялар блогының қызметіне жетекшілік ететін болады.

 

Ерланбек Қаппар 37 жаста, банк секторындағы мансаптық жолын 2005 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде ол бөлшек бизнес, ШОБ, кепіл қамтамасыздығын бағалауды қоса алғанда, банк ісінің түрлі салаларында ауқымды жұмыс тәжірибесіне ие болды. Соңғы 10 жылда бірқатар қазақстандық банктерде қазынашылық бөлімшесін басқарды.

 

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің “Қаржы және Банк ісі” мамандығы бойынша түлегі.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.