10 маусым 2021 ж. Алматы қ. — Еуразиялық банк Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп Қазақстанда алғашқы экокартаны шығарды. Қайта өңделген пластиктен жасалған эко-карта әр адамға еліміздегі көгалдандыру және қоқысты сұрыптау ісіне қатысуға мүмкіндік береді.
Банк эко жобаларды іске асыру үшін Eurasian Environmental Fund КЕҰ-на Эко-картаны пайдалану үшін қолма-қол ақшасыз транзакциялардың 0,5%-ын бонус түрінде жолдайтын болады. Бұған қоса банк Eurasian Pay, Apple Pay, Samsung Pay арқылы клиентке жанасымсыз төлемдер жасағаны үшін 0,5% бонус есептейді. Картаға 2021 жылғы 10 маусымнан бастап банктің eubank.kz сайтында тапсырыс беруге болады.
“Жасыл” технологиялар әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болуда. Эко-карта төлемдері неғұрлым көп болса, экологиялық бағдарламаларға қосымша қаражат соғұрлым көбірек жұмсалатын болады. Жоба бойынша серіктестермен және клиенттерімізбен бірге біз Қазақстандағы табиғи ортаны жақсартуға үлес қосатынымызға қуаныштымыз”, – деді Еуразиялық Банк басқармасы төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Экологиялық науқанды бастау құрметіне Еуразиялық банк Eurasian Environmental fund, Mastercard және Алматы Жасыл экономика басқармасымен бірлесе отырып, 5 маусымда 75 жөке бал ағашын отырғызды.
Эко-картаны шығарумен қатар банк NFC бірегей өнімін ұсынды -бұл постер арқылы банктің төлем картасының кез-келген ұстаушысы бір жанасыммен 500 теңге мөлшеріндегі бір немесе бірнеше төлемді экологиялық науқандарды өткізуге бағыттай алады. NFC-постерлердің орналасқан жерлері eef.kz сайтында көрсетілген.
Eurasian Environmental Fund Эко-картаға есептелген бонустарды және NFC-постерлерінен түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтын болады. Қордың құрылтайшылары АХҚО Жасыл қаржы орталығы (AIFC Green Finance Centre Ltd.), Биоалуантүрлілікті сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС болып табылады.
Біздің миссиямыз -Қазақстанның көміртектік бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу. Қор қаражатты гранттар есебінен де, демеушілер мен ерікті қайырмалдықтар есебінен де жинақтауға ниетті. Біз қоршаған ортаны қорғау, қалаларды көгалдандыру, Қазақстанның флорасы мен фаунасын қалпына келтіру жобаларына инвестиция құюға, сондай-ақ экология саласындағы қоғамдық бастамаларды қолдауға ниеттіміз”, – деді АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев.
Эко-карта Mastercard халықаралық төлем жүйесімен ынтымақтастықта шығарылды.
“Mastercard алдыңғы қатарлы шешімдердің өңірімізде қолжетімді болуы үшін дәйекті түрде жұмыс істеп келеді және экологиялық карталарды шығару жөніндегі халықаралық тәжірибенің Қазақстанға келіп жеткеніне қуанышты. Эко-карта клиенттерге инновациялық төлем технологияларын пайдалануға ғана емес, сонымен қатар пайдалы және маңызды іске — қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді, осы арқылы бәріміз жақсылыққа бет бұрып, әлемді жақсартатын боламыз!”,- деді Mastercard компаниясының Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка.
Банк клиенттер үшін өз қайырымдылығының нәтижелерін көруге, Қорда жиналған сомаларды қадағалауға, сондай-ақ ағаш отырғызылған жерлерді, қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған жерлерді көруге мүмкіндік беретін онлайн механиканы әзірлеуде.
Анықтамалық ақпарат:
Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржылық институты, 26 жыл қатарынан активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша тұрақты түрде қазақстандық он ірі банк қатарынан табылып келеді. Корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне қызметтердің кең шеңберін ұсынады, бөлшек бизнес көлемі бойынша үздік бестік қатарына кіреді, автонесиелеу бойынша көш бастап келеді, цифрлық банкингті белсенді дамытуда. Банк бүкіл ел бойынша филиалдар желісі кеңінен таралған сенімді және тұрақты қаржылық институт ретінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кепілді өтемақы төлеу жөніндегі агенті ретінде үш рет таңдалды.
Mastercard (NYSE: MA) — төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Біздің миссиямыз -қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, бәріне және бар жерде артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қорғалған деректер мен желілерді қолдана отырып, әріптестік құрып, шабыттана отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз және компания ішінде және одан тыс жерде жасайтын нәрселеріміздің барлығы адамгершілік коэффициентіне (decency quotient, DQ) сәйкес анықталады. Біз 210-нан астам ел мен аумақта бизнес жүргіземіз және баршаға теңдессіз мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрамыз.
Mastercard шығарындыларды қысқарту жөніндегі мақсаттарын өз бастамасымен SBTI (Science Based Targets Initiative) мақұлдаған алғашқы төлем компаниясы болды. Жақында компания 2025 жылға қарай парник газдарының энергетикалық тікелей және жанама шығарындыларын 38%-ға, ал басқа жанама шығарындыларды 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға қысқартуға ниетті екенін мәлімдеді. Mastercard жаңғыртылатын энергия көздері мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына басымдық береді: күн панельдеріне Mastercard data-орталықтары тұтынатын энергияның 50% үлесі тиесілі. Компания жеткізілім тізбегіне байланысты шығарындылар 2020 жылдың аяғында оның көміртегі ізінің 70%-дан астамын құрағанын атап өтті. Осыған байланысты Mastercard жеткізушілерге парник газ шығарындыларын азайту мақсаттарын анықтауға және оған қол жеткізуге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Әріптестіктің арқасында Mastercard клиенттері өздері қалдырған көміртегі ізін есептеп, тұтынушылық мінез-құлқының әсерін бағалай алады. Сонымен қатар Mastercard қайта өңделген шикізаттан пластик карталар шығару жөніндегі әріптестікке бастамашы болды.
Eurasian Environmental Fund
Eurasian Environmental fund коммерциялық емес ұйымы ағымдағы жылдың 13 мамырында АХҚО аясында тіркелген. Қордың құрылтайшылары АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС болып табылады.
Құрылған қордың қызметі 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшу тұжырымдамасының мақсаттарын және 2016 жылы ратификацияланған Париж келісімінің мақсаттарын іске асыруды қолдауға бағытталатын болады.
БАҚ үшін байланыс деректері:
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі + 7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401
press@eubank.kz
Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі
Тел: +7 (727) 264 67 37
mastercard@pressclub.kz