17.04.2017, Мәскеу
“Еуразиялық банк” жариялы акционерлік қоғамының (ЖАҚ) 2017 жылғы “14” сәуірде орын алған жылдық жалпы отырысында банктің директорлар кеңесінің жаңа құрамы тағайындалды. Оның құрамына Павел Вячеславович Логинов, Елена Николаевна Смирнова, Олег Владимирович Печенкин, Муниса Шодиева, Нурбек Нурланович Аязбаев кірді.
Сондай-ақ 2017 жылғы “14” сәуірде Директорлар кеңесінің отырысы өткізілді, сол отырыста Павел Логинов “Еуразиялық банк” ЖАҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
“Еуразиялық банк” ЖАҚ 2016 жылдың желтоқсанынан бері Павел Логиновтың басшылығындағы Қазақстанның ірі банктерінің бірі саналатын “Еуразиялық банк” АҚ-тың ресейлік еншілес ұйымы болып табылады.
Павел Логинов:
“Директорлар кеңесі құрамын өзгерту операциялық процесстерді жаңғырту есебінен тиімділікті арттыруға, клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи технологияларын енгізуге, сонымен қатар тәуекелдерді бағалау жүйесін жетілдіруге бағытталған банктің жаңа стратегиясымен байланысты. Жаңа стратегияны іске асыру барысында біз Қазақстандағы бас банктің тіиімділігін едәуір артыруды ғана емес, сонымен қатар ресейлік еншілес банктің жұмысын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз – бүгінгі күні артықшылыққа ие түсінікті, тыңғылықты өнімдеріміздің топтамасын қалыптастыруға назарымызды аудару. Нақтырақ айтқанда, біз қазақстандағы автокредиттерді беру нарығының 50%-нан артық үлесін алып, POS-кредит беру бойынша көшбасшылардың үштігіне кіріп отырмыз. Оған қоса, біз карточкалық өнімдер бағытын және ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетуді дамытатын боламыз. Қазіргі таңда біздің бизнестің жартысынан көбін корпоративтік сектор алып жатыр. Біз бөлшек бизнеске ерекше көңіл бөліп, 5 жылдың ішінде оның үлесін 60%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ресейлік банкке де қатысты. Біздің ғалами мақсатымыз – Қазақстан мен Ресейдің нарығынан басқа Өзбекістан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Грузия елдерінің нарығында жұмысты бастап, тұтас еуразиялық аймақтағы транзакциялық хабке айналу”.
Анықтама:
Павел Вячеславович Логинов – банктік нарықта 20 жылдық жұмыс өтілі бар кәсіби банкир.
1971 жылғы “10” наурызда Мәскеу қаласында дүниеге келді. 1993 жылы Мәскеу авиациялық институтының экономикалық факультетін, ал 2002 жылы – РФ үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын тәмәмдады.
1997 жылдан 2008 жылғы дейін Российский Кредит, ОНЭКСИМ Банк, Росбанк бакнтерінде қызмет атқарды. Росбанктің вице-президенті лауазымында банктің басты корпоративтік клиенттерімен қарым-қатынастарға жетекшілік етті.
2004-2008 жылдары Росбанктің Орталық Аймақтық Басқармасының директоры лауазымында “Общество взаимного кредита” банктер тобы мен Росбанктің бірігуіне қатысты жобаға жетекшілік етті.
2008-2014 жылдары Алексей Мордашовтың Северсталь компаниялар тобына кіретін Металлургический коммерческий банкте (Меткомбанк) Басқарма Төрағасының қызметін атқарды.
2015 жылдан бастап Павел Логинов Российские Технологии КТ-ға кіретін Новикомбанкте жұмыс істеді, ол жерде ол Басқарма Төрағасының орынбасары және Бас атқарушы директор лауазымдарында қызмет еткен. Оның жауапкершілігінде даму стратегиясын әзірлеу, корпоративтік бизнес, ШОБ, бөлшек бизнес, аймақтық желі, мерзімі кешіктірілген берешекпен жұмыс жүргізу, банктің Гособоронзаказбен жұмысын жүргізу болған.
Еуразиялық банк – 1994 жылы іргетасы қаланған қазақстандық әмбебап банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі мен Челябинскте филиалдары бар. S&P рейтингі: В, болжам – «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.
Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар. Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топтың акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)
press@eubank.kz www.eubank.kz