logo
Қз

Еуразиялық банктің Smartbank қосымшасында карта нөмірі бойынша аударымдар жасау қызметі пайда болды

Пресс-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 19 тамыз  

 

Еуразиялық банк Smartbank интернет-порталында Android пен iOS қолданушылары үшін карта нөмірі бойынша лезде жасалатын аударымдарды іске қосты, бұл клиенттерге ақша қаражатын банк ішінде, сондай-ақ басқа да қазақстандық банктердің төлем карталарына  аударуға мүмкіндік береді.

 

«Біз интернет-банкингіміздегі клиенттер арасында неғұрлым сұранысқа ие ең қолайлы және қарапайым операциялар спектрін ұлғайтамыз.  Жақын уақытта біз сервисті толық көлемде іске қосамыз, бұл кезде осы картаны өзіңіздің жеке кабинетіңізде сақтай аласыз, сондай-ақ кері аударымдар – басқа екінші деңгейлі банктердің карталарынан Еуразиялық банктің картасына аударымдар жасай аласыз», — деді банктің сандық әзірлемелер орталығының басшысы Ильяс Мирманов.

 

Smartbank қосымшасында карта нөмірі бойынша аударым жасаудың өзіндік тетігін әзірлеу ағымдағы шоттарға арналған аударымдармен салыстырғанда ақша аударымдарын едәуір жеңілдетеді және арзандатады.

 

Бүгінгі күні Smartbank-қа енгізілген жаңа инфрақұрылым тексеруден және толықтай кешенді тестілеуден өтті.  Бұрын қаражат екі сағат ішінде түсетін еді, қазір банк ішіндегі транзакциялар жүргізудің есептік жылдамдығы шамамен 10-15 секундты құрағандықтан, Еуразиялық банктің карта нөмірі бойынша аударымдары енді лезде жасалатын болып есептеледі.  Бұл ретте депозит және ағымдағы шоттар ішіндегі аударымдар, сондай-ақ төлемдер Smartbank-та бірнеше секундта-ақ жүзеге асырылады.

 

Карта нөмірі бойынша аударымдарды қолдану үшін Smartbank қосымшасының басты экранынан «Аударымдар» бөлімін таңдап, одан әрі қарай карта нөмірі мен соманы енгізу қажет.  Сондай-ақ қосымша ішінде алдыңғы әрекеттерде сақталған үлгі бойынша аударымды жылдам қайталау қарастырылған.  Банк болашақта қосымшаға смартфонның камерасының көмегімен сканерлеу арқылы карта нөмірін енгізу тәсілін қосуды жоспарлауда.

 

Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі кез келген банктің картасына аударым жасау тарифы — аударым сомасынан 0,9%, ең кемі 200 теңге. Еуразиялық банк желісі ішінде картадан картаға аударым жасау толықтай тегін.   Қосымшадағы жаңарту қазірдің өзінде App Store мен Play Market-те қолжетімді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

еubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.