2020 жылғы «24» сәуір, Алматы
«Еуразиялық банк» АҚ банктің жалғыз акционері «Еуразиялық қаржы компания» АҚ-тың Қазақстан Республикасының банктік секторының қаржылық тұрақтылықты арттыру және тәуекелдерді азайту бағдарламасының аясында өз міндеттемелерін орындай отырып, банктің капиталына 4 000 002 436,40 теңгені салғанын хабарлайды.
Капиталды арттыру үлкен көлемде өткізілді, бұл банктің акционерімен 2020 жылдың ақпанында банктік сектордың активтерін тәуелсіз бағалау (AQR) нәтижесі бойынша бұрын қарастырылған.
Банктің капиталдануы 16 сәуірде «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ-тың артықшылықты сатып алу құқығы бойынша 612 314 дана санында банктің қарапайым жарияланған акцияларын сатып алуы арқылы жүзеге асырылды. Мәміле және акцияларды орналастыру тәртібі Директорлар кеңесімен 2020 жылғы 27 наурызда және 10 сәуірде мақұлданды.
«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов мәмілеге қатысты өз пікірін былай деп білдірді: «Глобалды белгісіздік, әлем экономикасының дамуына қатысты болжалдардың нашарлауы және COVID-19 коронавирус індетінің жағдайында банктің қосымша капиталдандырылуы банктің беріктік қорын арттыруға және біздің клиенттерге қолдау көрсету үшін көбірек мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін жағдай туғызады».
Мәміле аяқталғаннан кейін акционерлердің – қарапайым акцияларды ұстаушыларының құрамы келесідей болды: