logo
Қз

Еуразиялық банк 2021 жылғы корпоративтік портфельдің өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр

14 ақпан, Алматы

 

Еуразиялық банк қазақстандық бизнесті қолдау қарқынын ұлғайтуға ден қойды және, Қаржы қадағалау агенттігінің мәліметі бойынша, 2021 жылы корпоративтік кредит беру өсімі бойынша ірі банктер арасында суырылып алға шықты. Еуразиялық банктің корпоративтік кредиттер портфелі бір жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда шамамен 40%-ға өсті.

 

Банк мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар жаңа ірі және орташа көлемді жобаларды қаржыландырды.

 

«Өткен жылы біз корпоративтік бизнесті дамытуға баса назар аудардық. Басқарушылар командасы жаңарған кезде банк экономиканы қаржыландырудың бұрын қолға алынбаған жаңа салаларына бет бұрды. Біз клиенттерге ет, сусындар өндіруге, тұрғын үй шаруашылығында құбыр желілері мен газ құбырларын тартуға көмектесеміз», — деп түсіндірді басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Ол өз сөзін корпоративтік портфельдің серпінді өсуі — Еуразиялық банк үшін маңызды оқиға екені, өйткені осы уақытқа дейін елдің ең ірі 10 қаржы институтының қатарына тұрақты кіретін банк негізінен бөлшек кредиттеуде көш басында болғаны туралы пікірлерімен толықтырды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.