Алматы, 5 сәуір
Еуразиялық банк су басу салдарын жою және апаттан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау мақсатында “Қамқор-Ақтөбе 2024” қоғамдық қорына 200 млн теңге бөлді.
Су тасқыны салдарынан ТЖ режимі батыста, шығыста және орталық бөлігінде, әсіресе зардап шеккен Ақтөбе облысына енгізілді. Осыған байланысты Банк басшылығы осы аймаққа көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
“Осы күндері біз адамдардың өмірін түбегейлі өзгерткен, қалалар мен елді мекендерді суға толтырған сынақты бастан өткеріп жатырмыз. Банк табиғи апат салдарынан зардап шеккен отбасыларды қолдау және үйлерді, шаруашылықтар мен аумақтарды тез қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шешім қабылдады”, — деді банк Басқармасының Төрағасы Ляззат Сатиева.
Банктің орталықтандырылған көмегінен басқа банк қызметкерлері су тасқыны туралы жаңалықтардың алғашқы сағаттарында 200 млн теңге көлемінде өз қаражаттарын жинауды ұйымдастырып, Қазақстанның төрт өңірінде — Ақтөбе, Қостанай, Орал, Көкшетауда зардап шеккен отбасыларға қажетті заттарды сатып алды.
Су басқан аудандардан эвакуацияланғандардың арасында банктің 10-нан астам қызметкері бар. Оларға да материалдық көмек көрсетілетін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Еуразиялық банк басқа қаржы институттарының қатарында жеке және заңды тұлғалар үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемей, кредит төлемдерін 3 айға кейінге қалдыруды ұсынды. Өтінімдерді онлайн форматта және Банк бөлімшелерінде де беруге болады.
Еуразиялық банк экожүйесіне жататын ERG тобы да су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсету үшін 400 млн теңге бөлгенін де айта кету керек.