Пресс-релиз, Алматы қ., 29 наурыз 2020 жыл
Еуразиялық банк ұйымның eubank.kz сайтында коронавирус індеті салдарынан қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты кредит бойынша мерзімді шегеруге өтініштің үлгісін жариялады.
Ақшалық және тауарлық қарыздар, PayDA бөліп төлеу картасы, автокредиттер және ипотека бойынша өз мерзімдерін 3 айға шегеруді жеке тұлғалар ала алады.
Заңды тұлғалар инвестициялық қарыздар және айналымдағы қаражаттарды толықтыру үшін берілген қарыздар бойынша мерзімді шегеруді ала алады.
Еуразиялық банк жеке тұлғалардан мерзімді шегеруге өтініштерді тек онлайн қабылдайды: eubank.kz сайтына кіріп «Кредиттер» бөліміне өтіңіз және сол жерден «ТЖ (коронавирус) режиміне байланысты кредит бойынша мерзімді шегеруді» табыңыз немесе Smartbank қосымшасынан жібере аласыз. Банк сайттан да, қосымшадан да өтінішті берудің қажеті жоқ екеніне назарыңызды аударады. Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты өтініштер бөлімшелерде қабылданбайды.
Заңды тұлғалар мерзімді шегеруге өтініштерін Cliеnt’s Bank қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы жіберуі тиіс. Сондай-ақ заңды тұлғаларға коронавирустың салдарын растайтын банктің нысаны қажет болады. Нысанды Cliеnt’s Bank қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі арқылы өтініш жіберілгеннен кейін банктің менеджері ұсынатын болады.
Мерзімді шегеруге өтінішпен банкке қарыз бойынша төлем күніне дейін алдын ала жолығу қажет, ал өтінішті 2020 жылғы «15» маусымға дейін бере аласыз. Өтініштер 10 жұмыс күнге дейін мерзім ішінде қарастырылады.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
eubank.kz