logo
Қз

Баспасөз релизі

Еуразиялық банк мүгедек адамдарға арналған құрылғыларды ойлап тапқан студенттерге қолдау көрсетті

6 желтоқсан 2021 жыл

Алматы

Еуразиялық банк мүгедектігі бар адамдарға арналған озық құрылғылар жасап шығарған “TOM: Pavlodar” мейкатонының қатысушыларына ақшалай сертификаттар табыстады.

 

Қазақстанда мейкатонды ERG Еуразиялық тобының қолдауымен “Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы” ЗТБ ұйымдастырды.

 

Он екінші мейкатон осымен үшінші рет “Торайғыров университеті” КЕАҚ алаңында өтті, онда 72 сағат бойы жеті команда мүгедек адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге арналған құрылғылар жасау тақырыбындағы жұмыстарын ортаға салды. Құрылғылар жеке адамдардың қажеттіліктері мен мұң-мұқтаждықтарына қарай жасалғандықтан, әзірленген құрылғыларды жақын арада пайдаланылатын болады.

 

Биылғы жылы қазылар алқасының құрамына Еуразиялық Банк Басқармасы төрағасының орынбасары Александр Наумов, ERG Service ЖШС президенті Сергей Петухов, “ҚР Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы” ЗТБ вице-президенті Сания Арапова және “Торайғыров университеті” КЕАҚ ғылыми жұмыс жөніндегі деканының орынбасарлары Асылхан Маздубай мен Ұлтуар Жалмағамбетова кірді.

 

Бірінші орын бірауыздан TRINITY командасына берілді, қатысушылар БЦП диагнозы бар адамдар үшін баспалдақпен көтерілуге арналған көмекші құралдарын көрсетті. Екінші орынды “Торайғыров университеті” КЕАҚ “Вектор” командасы иеленді, қатысушылар БЦП диагнозы бар Әйгерім атты қыз бала үшін балтырды демеп, тіреп тұратын арнайы аяқ киім дайындады. Үшінші орын екі командаға бұйырды — “Искра” және “Кванториум”. Жеңімпаздар ірі электроника дүкендері желісінің түрлі номиналдағы сыйлық сертификаттарына ие болды.

 

Еуразиялық Банк басқармасы төрағасының орынбасары Александр Наумов қосымша түрде “SocialProjectPavlodar, “Альтенсур” және “Жігер.Ортопедия” атты үш команданы атап өтіп, оларға банк атынан ақшалай сыйлықтар табыстады. Қатысушылар алған қаражаттарын өз құрылғыларын дамытып, жетілдіруге жұмсай алады.

 

— “TOM: Pavlodar” мейкатоны — бұл мүмкіндіктері шектеулі нақты адамдардың және жалпы арнайы құрылғыларға мұқтаж жандардың проблемалары шешілетін алаң. Құрылғыларды толықтай жасақтап шығаруға 72 сағат жеткіліксіз екені түсінікті, бірақ  бұл идеялар бұдан әрі қолдауға ие болып, бұқаралық өндіріске шығарылып, көптеген адамдардың көзінде үміт отын жағатыны анық. Банктің Даму стратегиясы жеке ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның өмірін жақсартуға бағытталады, сондықтан мен бұл іс-шараға қуана қатыстым және осындай игі бастама көтергендерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Түрлі өңірлерден келген жастарға нақты адамдардың “қиындықтарына” көмектесуге, сондай-ақ өздерінің soft skills — қарым-қатынас дағдылары мен коллаборациясын жақсартуға септігін тигізген мейкатонды өткізу форматы өзіме қатты ұнағанын атап өткім келеді, — деп өз ойларымен бөлісті Еуразиялық Банк басқармасы төрағасының орынбасары Александр Наумов.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.