Алматы, 18 сәуір 2024 жыл
Құрметті әріптестер, серіктестер мен клиенттер!
Жақында болған табиғи апаттан көптеген адамдар баспанасынан, мүлкінен, малынан айырылып, өте қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырған елдің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынынан кейін Банк қабылдаған маңызды шешіммен бөліскіміз келеді.
Осы жағдайларды және өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне отырып, біз Еуразиялық банктің 30 жылдығына арналған мерекелік-мерейтойлық бағдарламамыз бен осыған байланысты маркетингтік акцияларды қайта қарау және ресурстарды зардап шеккендерді қолдауға және мұқтаж жандарға көмектесуге бағыттау туралы шешім қабылдадық.
18 сәуірден бастап банк клиенттерге ай сайын 26 күнгі сатып алулар үшін 30% бонус берілетін “Махаббатпен, Еуразиялық банк” мерейтойлық акциясын тоқтатады. Мұндай шешімді қабылдау қиынға соқты, өйткені біз акцияның клиенттерге қаншалықты ұнағанын көрдік. Алайда біз клиенттердің қиын жағдайға тап болғандарға Банктің көмектесуге барынша үлес қосуға деген ұмтылысын қолдайтынына сенімдіміз.
Бұл ретте Банктің стандартты бонустық бағдарламасы толық көлемде әрекет ететінін және ол нарықтағы ең үздіктердің бірі болып қалатынын атап өткіміз келеді.
2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін Еуразиялық банк кредит төлемдері бойынша 3 ай мерзімге кейінге қалдыруға арналған өтініштерді қабылдай бастады.
Банк өз қызметінің 30 жылдығын ел мен қоғам үшін анағұрлым мағыналы әрі оң әсер ететін түрлі әлеуметтік және қайырымдылық акциялармен, пайдалы істермен атап өтеді.
Банк тұрғындарды қолдауға және су тасқыны салдарын жоюға 450 миллион теңге аударды, сондай-ақ зардап шеккен қарыз алушылардың кредиттері бойынша кейінге қалдыруды ұсынады. Банк қызметкерлерінің өздері су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысады.
Түсіністік танытып, ынтымақтастығыңыз үшін рахмет.