Экология белсенділерінен, туристік гидтерден және табиғаттың ластануына бейжай қарамайтын барлық табиғат жанашырларынан құралған “#ЧистоГоры” қоғамдық экоқозғалысы суретшілерді, безендірушілерді, дизайнерлерді, шығармашылық ұжымдар мен кураторларды экологиялық бастамаға қосылып, “ЧистоГоры/TazaTau 2023” плакаттар байқауына қатысуға шақырады.
Байқауға табиғат аясына келушулер арасында саналы мінез-құлықты насихаттайтын көркем туындылар қабылданады.
Жұмыстар келесі шарттар бойынша іріктелетін болады:
1) көркемдік мазмұны: ұсынылған жұмыстардың эстетикалық құндылығы, олардың өзіндік ерекшелігі мен жаңалығы;
2) тұжырымдамалық мазмұны: ұсынылған тақырыптың тұтастығы және байқаудың жалпы идеясына сәйкес келуі;
3) техникалық мазмұны: байқаудың жария етілген талаптарына сәйкес келуі.
Байқау шеңберінде 26 сәуір мен 4 маусым аралығында Алматы қаласында өтетін, содан кейін Іле Алатауы Ұлттық табиғи паркінде орналастырылатын көрмеге қатысу үшін кемінде 20 көркем туындыны іріктеп алу жоспарланды.
Финалдық көрме үшін жұмыстарды қазылар алқасы іріктейді, оның құрамында экология және туризм саласындағы сарапшылармен қатар коммуникациялар саласының мамандары, арт-кураторлар, әлемге әйгілі қазақстандық суретшілер, оның ішінде Сәуле Сүлейменова бар.
Байқауды өткізу кезеңі: 2023 жылғы 20 наурыздан 9 сәуірге дейін. Қазылар алқасы жеңімпаздарды 2023 жылдың 14 сәуірінде жариялайды.
“Мен Алматыны өте жақсы көремін және мені қала тұрғындары мен қонақтар арасында хайкинг пен треккингтің соншалықты танымал болуы қуантады. Алайда мұның теріс жағы да бар — тау жолдары қоқыс қалдықтарына толуда. Сондықтан шығармашылық, өнер арқылы адамдарға бізге әдемі әсерлер сыйлайтын қоршаған әлемді, бірегей флора мен фауна сақтау, өзге туристерді сыйлау қажеттілігін еске салатын #ЧистоГоры/TazaTau 2023” жобасының идеясы бізді де шабыттандырады. Бұл жағдайда мен баршаға белгілі сөз тіркесін сәл түрлендіргім келеді: “бізге таулар ата-бабаларымыздан мұраға қалған жоқ, біз оларды балаларымыздан қарызға алдық”, – дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.
Байқау туралы толығырақ ақпарат мына жерде берілді (байқау ережесі).