“Өз бутикімізді ашу біз үшін ерекше маңызды”, — дейді ХӘЖҚ атқарушы директоры Сильвия Галбиати. — “Мұндай орын арқылы шеберлер жасаған өнімдердің толық ассортиментін үнемі көрсетуге мүмкіндік береді. Біз осы балалардың таланты мен қабілеттерін әркімнің көріп, олардың жұмыс сапасын бағалай алатындығына және ерекше қажеттіліктері бар адамдар керемет тиімді бола алатындығын түсіндіруге тырысамыз. Сонымен қатар біз үшін жас қолөнершілердің өз өнімдерін сатуға қатысуы, өздерінің маңыздылығы мен еңбектері үшін мақтаныш сезімі маңызды, өйткені бұл олар үшін өте үлкен жұмыс”.
Сондай-ақ ХӘЖҚ басшысы болашақта Алматының ерекше адамдармен жұмыс істейтін басқа да ұйымдарын тарту жоспарланып отырғанын айтты. “Бұл біздің ғана емес, басқа жігіттерге де өз жұмыстарын сатуға мүмкіндік береді. Біз Еуразиялық банкке үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тұрақты қолдауы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз күштерімізді біріктіргенде одан әрі күшейіп, әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз”.
Бүгінгі таңда ХӘЖҚ тек қолөнершілерді қолдаумен ғана айналыспайтынын айта кету керек. Ұйым ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға оңалту қызметтерін көрсетеді, қиын өмірлік жағдайларға тап болған 180-ден астам отбасына көмектеседі және тәуекел тобындағы және мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру бағдарламаларын іске асырады. ХӘЖҚ өзінің бастамалары аясында төрт бағыт бойынша сабақ өткізеді, оның 50 жасөспірімі киіз өнері, ағаш өңдеу, кесу және тігу, сонымен қатар аспаздық курстарды оқиды.