Алматы, 2024 жылғы 8 тамыз
Қазақстан Гольф федерациясының бастамасымен құрылған Балалар гольф мектебінде жас спортшылар мен олардың отбасылары үшін нағыз мерекеге айналған турнирлер өтті. Жарыс 29-30 шілдеде Алматыдағы екі беделді гольф-клубы – Нуртау және Жайляу базасында өтті. Жаңадан бастаушылардан бастап тәжірибелі ойыншыларға дейін 120-дан астам жас қатысушылар өздерінің дағдылары мен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете отырып, бір-бірімен жарысты.
Еуразиялық банк бұл маңызды оқиғаға айтарлықтай қолдау көрсетті. Банктің демеушілік көмегі арқасында мектеп қажетті спорттық құрал-жабдықтарды сатып алып, жаттықтырушылар үшін біліктілікті арттыру семинарларын өткізеді.
Жеңімпаздарды марапаттай отырып, балалар гольф мектебінің бас бапкері Иван Цицаги Банкке алғысын білдірді: “Біз Еуразиялық банктің мектептің бірінші кезекте отандық спортшыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған мақсаттары мен міндеттерін толық бөліскеніне қуаныштымыз. Банк қолдауы бізге бүгінгі таңда материалдық-техникалық базаны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жас спортшыларымызға жаңа биіктерге жетуге көмектесетін халықаралық тәжірибесі бар танымал гольфшыларды – жоғары білікті шетелдік жаттықтырушыларды тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде болашақ Олимпиада чемпиондары болатын талантты жастар көп. Сондықтан гольфпен байланысты барлық бастамаларымызды қолдағаны үшін банкке алғыс айтамыз”.
Бас жаттықтырушы сөзіне, Гольфты дамыту орталығының директоры Илья Свиденко да қосылды. Ол Қазақстанда гольф қарқынды дамып келе жатқанын және мектепте оқитын балалар екінші жыл турнирлерде жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.
Балалар гольф мектебі-бұл ойынды игеріп, жетістікке жетуді қалайтындар үшін алаң екендігін айта кету керек. Биыл ол Алматы, Щучинск, Астана гольф-клубтарында, сондай-ақ Өскемен мен Қостанайдағы спорт мектептерінің базаларында 600 жас ойыншыға есігін айқара ашты. Қазақстан Гольф федерациясының президенті Берік Қанаев елдегі гольфтың қолжетімділігі арқасында балалар өздерінің әлеуетін ашып, өздеріне деген сенімділікті дамытып, олардың табысты болашағы үшін негіз болатына сенімді.
Алматыда жас спортшыларды оқыту шаралары жаттықтырушылардың жұмысы мен құрал-саймандарды пайдаланумен қоса, айына 20 000 теңге көлемінде жүргізіледі. Қазақстанның басқа қалаларында оқу тегін өтеді.
Банк Басқармасының Төрағасы Ляззат Сатиева: “Біздің банк жастар мен спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға тырысады. Гольф физикалық төзімділікті, үйлестіруді, стратегиялық ойлауды дамытады және денсаулықты нығайтады, бұл балалардың жан-жақты дамуына тамаша таңдау жасайды. Жас спортшылардың жаңа дағдыларды игеріп жатқанын көру бізді жұмысымызды жалғастырып, оларды әр қадамда қолдауға шабыттандырады”.
Еуразиялық банктің Балалар гольф мектебін қолдауы-бұл демеушілік қана емес, бұл қазақстандық спорт болашағына қосқан үлесі. Алматыда өткен ұқсас турнирлер бірлескен күш-жігердің керемет нәтижелер мен жаңа жетістіктерге қалай әкелетінінің жарқын мысалы болып табылады.