20 маусым 2022 жыл, Алматы.
Қазақстанда Лездік төлемдер жүйесі (ЛТЖ) іске асырылды, оған алғашқылардың бірі болып Еуразиялық банк қосылды. Жүйе қазақстандықтарға кез келген банктер мен төлем ұйымдарының шоттары мен электрондық әмияндары арасында телефон нөмірі бойынша жедел, лездік төлемдер мен аударымдар жасауға мүмкіндік береді.
“Біз өз клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін Лездік төлем жүйесіне көптеген банктер қосылғысы келетініне сенімдіміз. Біз енгізіп отырған жаңа технологиялық сервис басқа банктердің клиенттеріне қызметтер үшін төлем жасауға немесе телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік береді. Картаның нөмірін немесе банк деректемелерін білу міндетті емес. Лездік төлем арқылы түскен ақша қаражаттары дереу алушыға келіп түседі. Операциялар тәуліктің кез келген уақытында және демалыссыз жүргізіледі. Қазақстандықтар үшін банктер арасындағы мұндай ынтымақтастық тек пайдалы болмақ”, — деп атап өтті Еуразиялық Банк Басқармасы төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.
Банк пилоттық режимде 2021 жылдың қараша айында жүйе ішінде алғашқы ақша аударымдарын сәтті ұйымдастырды. Ал 2022 жылдың 8 маусымынан бастап оның функционалы клиенттерге Smartbank мобильдік қосымшасы арқылы ұсыныла бастады.
Төлемдер мен аударымдар жеңілдетілген сәйкестендіргіштердің, яғни телефон нөмірінің көмегімен, ЛТЖ-да ұлттық валюта — теңгемен ғана жүзеге асырылады. Алушыға қаражатты кез келген жерде және тәуліктің кез келген уақытында аудару нақты уақыт режимінде тиімді тарифтер бойынша жүргізілетін болады. Аударымдар тек ұлттық валюта — теңгемен ғана жүзеге асырылады.
Қаражатты аудару үшін клиент Еуразиялық банктің Smartbank қосымшасында “Аударымдар”, одан кейін — “Телефон нөмірі бойынша” қосымша беттерін таңдап, содан кейін телефон кітапшасы тізімінен таңдау үшін телефон нөмірін немесе адресат атын енгізуі қажет.