Пресс-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 17 қазан
“Еуразиялық банк” АҚ менеджменті Moody ‘s Investors Service рейтингтік агенттігімен ғана ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады және басқа рейтингтік агенттік —Standard & Poor’ s-тың қызметтерінен бас тартты.
Шешім банк шығыстарын оңтайландыру қажеттілігімен және тиімді мақсаттылығымен байланысты туындады. Екі және одан да көп халықаралық агенттіктерден рейтингтердің болуы банк халықаралық капитал нарығына шығуды жоспарлап отырғанда ғана қажет.
Биылғы жылы Ұлттық банктің бастамасымен AQR (Asset Quality Review) жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде халықаралық аудиторлар екінші деңгейдегі банктердің активтердің сапасын және қаржылық тұрақтылығын объективті бағалайды. Ағымдағы жағдайларда бір халықаралық рейтингтік агенттіктен ғана рейтингтік баға жеткілікті.
Осылайша, қазіргі уақытта Moody’s — Еуразиялық банктің жалғыз рейтинг агенттігі болып табылады. 2019 жылғы қыркүйекте Moody’s банкке S&P беретін В және Fitch беретін В рейтингіге ұқсас, B2 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша рейтинг берді.
Еуразиялық банк — 25 жылдық даму тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк. Елдегі он ірі банктің қатарында, бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді. Банк автокредит беруді, POS-кредит беруді, төлем карталары, мобильді банкингті және жалақы жобаларын белсенді дамытуда.
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
еubank.kz