2024 жылғы 15 мамыр, Алматы
Еуразиялық банк капиталды бір жарым есе ұлғайтты, оның мөлшері 2023 жылдың қорытындысы бойынша 304 млрд теңгеден асты. Осы кезеңде банктің активтері 14%-ға — яғни 2,70 трлн. теңгеге дейін, пайда — 95,4 млрд теңгеге дейін немесе өткен 2022 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті.
«Еуразиялық банк» АҚ тобының қаржылық нәтижелері ХҚЕС стандарттары бойынша жасалған және халықаралық аудиторлық қорытындымен расталған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жарияланды.
Банктің 96,8 млрд теңге көлеміндегі 2023 жылғы шоғырландырылмаған пайдасы акционерлердің шешімі бойынша өткен жылдардың бөлінбеген пайдасына капиталдандырылды. «Еуразиялық банк» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеуге шешім қабылданды.
«Біз айтарлықтай капитал ағынына қол жеткіздік, бұл бізге клиенттерімізді, экономикамызды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге, активтерді ұлғайтуға және жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестиция салуға мүмкіндік береді. Өткен жылы біз өз назарымызды цифрландыруға және клиенттің тәжірибесін жақсартуға бағыттадық. Ұялы қосымшалардың нұсқаларын жаңарту және Smartbank пен Smart Business-ке мемлекеттік қызметтерді қосу NPS-тің өсуіне тікелей әсер етті. Депозиттік портфельдің, әсіресе бөлшек саудада қомақты өсуі, адамдар мен компаниялардың банкке тұрақты қаржы институты ретінде қарайтынын растайды. “Сеніміңіз үшін рахмет, махаббатпен, Еуразиялық банк!”- ұранымен біз бүгін, банктің 30 жылдығына орай жұмысымызды жалғастырудамыз. Біз клиенттер мен іскер серіктестерге жоғары дәрежедегі сенімділік, сенім және ыңғайлылықты ұстана отырып қызмет көрсетуді көздейміз», — деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі осы саладағы сирек құбылысқа жол беріп 2023 жылы екі рет, Еуразиялық банктің депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін B2-ден Ba3-ке, сондай-ақ оның негізгі кредиттік рейтингін b3-тен b1-ге дейін оң болжаммен көтеріп, банктің проблемалық активтерді және пайданы түрлендіру қабілетін төмендету жөніндегі тиімді жұмысын атап өтті.
Банктің кредиттік қоржынының сапасы жоғары деңгейде болып табылады. NPL +90 үлесі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тәуекелдерді тиімді басқару және мерзімі кешіктірілген кредиттерді қайтару жұмыстары есебінен бір жыл бұрынғы 6,69% көрсеткішінен 4,19%-ға дейін төмендеді.
Цифрлық трансформация және IT архитектурасын жаңарту банкке көптеген қызметтер мен өнімдерді онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді: онлайн режимде барлық кредит өтінімдерінің 80%-ға жуығы қабылданды және депозиттік өнімдердің 50%-дан астамы қолжетімді.
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері:
- 2023 жылы Еуразиялық банк тобының активтері 2022 жылдағы 2,36 трлн теңгеден 14%-ға, яғни 2,70 трлн теңгеге дейін, оның ішінде банктің кредиттік қоржынының өсуі есебінен өсті.
- 2023 жылдың 12 айы ішінде кредиттеу 1,06 трлн теңгеден 1,36 трлн теңгеге дейін 28%-ға ұлғайды.
- Таза пайыздық табыс корпоративтік сегменттермен қатар бөлшек сегменттерде экономиканы кредиттеуді ұлғайту есебінен 63%-ға өсті.
- Клиенттердің депозиттері мен шоттарындағы қаражаттар 1,931 трлн теңгеден 2,144 трлн теңгеге дейін 11%-ға өсті. Оны банк клиенттердің оған білдірген сенімінің жоғары деңгейі деп бағалайды.
- Банктің өзіндік капиталы өткен жылдардың бөлінбеген кірісін инвестициялау есебінен 304,1 млрд теңгеге дейін 54%-ға ұлғайды.
- Нормативі 10% болатын меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті — 21,7%, бұл нарықтағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады және белсенді өсуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
- Шоғырландырылған таза пайданың өсуі 15%.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ*
Нарықтағы үлестер
2023 жылы банк негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша позициясын сенімді түрде сақтап қалды:
- активтер — 5,4% үлесімен (7 орын)
- кредиттік қоржын — 4,9% үлесімен (7 орын)
- капитал — 4,5% үлесімен (7 орын)
- клиенттердің қаражаты — 5,9% үлесімен (6 орын)
- халықтың салымдары — 5,2% үлесімен (5 орын)
- заңды тұлғалардың салымдары — 6,9% үлесімен (4 орын)
БӨЛШЕК БИЗНЕС
- Банк жаңа автомобильдерге автокредит беруде нарықтық үлесі 45% және осы сегменттегі бәсекелестікті едәуір күшейте отырып, жаңа және бұрын пайдалануда болған автомобильдерді сатып алуды кредиттеуде нарықтық үлесі 27,3%-бен №1 көшбасшылық тізгінде келеді.
- Цифрландыруға, тұтынушы жолын жақсартуға және өнім желісін кеңейтуге баса назар аудару келесі бағыттарды ұлғайтуға мүмкіндік берді:
– кредиттік қоржынның көлемі 28%,
– клиенттердің қаражаты 22%
– жылына таза операциялық кіріс 30%.
- Банк жеке тұлғалардың салымдары бойынша 1 трлн теңгеден асқан көшбасшы 5 банктің қатарына кірді (абсолютті мәнде өсім бойынша 5-орын + жылына 202 млрд теңге.)
- Smartbank ұялы қосымшасында уақтылы антифрод шараларының арқасында карточкалық операциялар мен кредиттер бойынша фродтық кейстер саны 5 есе азайды.
- 2023 жылдың тамызында ұялы қосымшаның жаңартылған нұсқасы NPS Smartbank-тің 11%-дан 26%-ға дейін өсуіне ықпал етті.
КОРПОРАТИВТІК БИЗНЕС
- Корпоративтік клиенттерге берілген кредиттер 2023 жылы 14%-ға немесе 59 млрд теңгеге өсті.
- Smart Business қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесін жаңарту нәтижесінде жаңа өнімдер мен сервистер сериясы іске қосылды, ұялы сервистің, оның ішінде мемлекеттік қызметтердегі (govtech) функционалдығы кеңейтілді.
- Банк бизнеске арналған карточкалық өнімдер бойынша өнім желісін кеңейтті және клиенттер үшін қалған өнімдерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
- Цифрлық тендерлік кепілдіктер мен ЖК тіркеу бойынша сервисі, банк сайты арқылы ЖК/ЖШС үшін шоттар ашу іске қосылды, бұл кәсіпкерлерге ЖК шоттарын онлайн режимде — 24 есе жылдам (120 минуттан 5 минутқа дейін) ашуға мүмкіндік берді.
«Еуразиялық банк» АҚ тобына банктен басқа келесі еншілес кәсіпорындар кіреді: «Еуразиялық жоба 1» ЖШС мен «Еуразиялық жоба 2» ЖШС. «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және банк акцияларының 100%-на ие.
«Еуразиялық банк» АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99
press@eubank.kz
*Ақпарат ҚРҰБ деректерінің және банктің ішкі сараптауының негізінде келтірілді