Алматы, 2022 жылғы 13 қаңтар
Еуразиялық банк 2022 жылғы 1-31 қаңтар аралығында кредиттерді төлеу мерзімін кешіктірген жеке тұлғаларға өсімпұл мен айыппұл есептемеу туралы шешім қабылдады.
— Қайғылы оқиғалардың салдары Қазақстан экономикасы мен қарапайым қазақстандықтардың өмірінде ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан біз төтенше жағдай кезінде ғана емес, 31 қаңтарға дейін төлеу мерзімін кешіктірген клиенттерге өсімпұл мен айыппұлдар салмау туралы шешім қабылдадық, — деді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Валентин Морозов.
2022 жылдың қаңтарындағы ай сайынғы қарызды төлеу мерзімінің кешіктірілуі клиенттердің кредиттік тарихына әсер етпейтін болады.
Айта кететін жайт, заңды тұлғалар үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу Қазақстандағы төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін — 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.
Өз кезегінде, ТЖ кезінде қаржылық жағдайы нашарлағанын немесе залал келтірілгенін дәлелдеген заңды тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге банк 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін берілген банк қарызы және микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады. Кейінге қалдыру мерзімін банк жеке тәртіппен қарайтын болады.
Заңды тұлғалардың төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштері 2022 жылдың 4 сәүіріне дейін қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін банк филиалдарына немесе заңды тұлғаларға арналған байланыс орталығының телефондарына хабарласуларыңызға болады:
+7 (776) 217-11-11
+7 (747) 217-11-11
+7 (778) 217-11-11