logo
Қз

Еуразиялық банк барлық клиенттерінің депозиттері бойынша өтемақыларды бір күн ішінде төледі

Алматы, 20 наурыз 2023 жыл

 

Еуразиялық банкке теңге салымдары бойынша барлық клиенттерге 10% мемлекеттік сыйақы төлеу үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан 10,5 млрд теңге келіп түсті.

 

Барлығы банкке өтемақы алу үшін салымшылардың 98%-нан өтінім түскен. Төлемдер қаражат келіп түскеннен кейін ертеңінде — 17 наурызда жүзеге асырылды.

 

«Банк өтемақы алу туралы өтінімдерді беру процесін цифрландырды: клиенттер оны Smartbank мобильді қосымшасы және оның десктоп нұсқасы арқылы жасай алады, бұл процесті жеңілдете түсті. Сондай-ақ технологиялық тұрғыдан бір күн ішінде жеке тұлғалардың ағымдық шоттарына мемлекеттен сыйақы түсіп, оның сомасын әр клиент Smartbank қосымшасынан көріп, оны өз қажетінше жұмсай алады, соның ішінде толық көлемде комиссиясыз ала алады», — деп хабарлады Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

 

Айта кететін жайт, 2023 жылдың 15 наурызынан бастап барлық клиенттер үшін мөлшерлемелерді банк Turbo Deposit және Жинақтаушы Turbo Deposit теңге депозиттері бойынша қазіргі таңда банкте қолданылатын ең жоғары мәндеріне дейін автоматты түрде өсірді.

 

Сонымен қатар «Бейілділік» науқанының аясында депозиттегі қалдық үшін бонустарды есептеу мөлшерлемелерін көтерді. Банктің дебеттік карталарының ұстаушылары үшін депозиттегі қалдық 1 500 000 бастап 7 000 000 теңге болған жағдайда сатып алынған тауар сомасына 2,5%, 7 000 000 теңгеден жоғары болса — 5% есептеледі.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.