Баспасөз-релиз, Алматы қ. 2019 жылғы 28 қаңтар
«Астана банкі» АҚ бойынша өтемді төлеу қорытындысы бойынша алғашқы екі күнде, 26 және 27 қаңтарда банк-агент «Еуразиялық банк» АҚ 23,1 миллиард теңгені төледі, бұл 37,5 млрд. теңгедегі өтемнің жалпы сомасының 62% құрайды. 26–27 қаңтарда Еуразиялық банктің бөлімшелеріне «Астана банкі» АҚ-ның 18 925 салымшалары келді.
Бөлімшелерде «Астана банкі» АҚ салымшыларының ағынын ұйымдастыру және мүмкін болатын ажиотажды төмендету үшін Еуразиялық банк бірқатар дайындық іс-шараларын жүргізді.
- Клиенттердің күтілетін көптеген ағанына қызмет көрсету үшін «Еуразиялық банк» АҚ демалыс күндері 26 және 27 қаңтарда «Астана банкі» АҚ салымшылары үшін өзінің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерін ашты, сондай-ақ төлем орталықтарын ашу арқылы ірі қалаларды қосымша күшейтті.
- «Астана банкі» АҚ клиенттеріне белгілі бір мекенжай бойынша белгіленген күні банк бөлімшелеріне келу ұсынысымен SMS жіберілді. 1000 теңгеден кем өтем сомасымен клиенттер де алдын ала ескертілді, мұндай клиенттердің бөлімшеге келуді төлем жасаудың алғашқы күндері жоспарламауы үшін.
- Кезектен күдіктенген клиенттерге шабарманның жеткізуімен онлайн төлем картасына тапсырыс беру және осы картаға өтемді алу мүмкіндігі ұсынылды.
- Клиенттер ақпаратты алдын ала тексерулері үшін eubank.kz-ке ЖСН бойынша өтем сомасын онлайн-тексеру сервисі қосылды.
- Клиенттердің eubank.kz арқылы бүкіл Қазақстан бойынша бөлімшелердегі кезектер жөнінде ақпаратты көріп отыру мүмкіндігі болды.
- Төлемдердің алғашқы күндері бөлімшелердің барлық менеджерлері, сату орындарының (техника, жиһаз, автосалон және т.б.) және фронт-офис кредиттік менеджерлері жұмылдырылды.
26–27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне «Астана банкі» АҚ-ның 18 925 салымшысы келді. Барлық түскен өтініштер қабылданды және өтініш берген 18 875 салымшы өтем алды.
Алматы, Астана және Шымкентке өтініштердің 56% түсті. Ажиотаж және кезектер 26 қаңтарда, сенбі күнінің бірінші жартысында байқалды, — барлық ағымдағы мәселелер жұмыс тәртібінде шешілді. Сенбі күнінің екінші жартысында және жексенбіде банк бөлімшелерінде кезектер болмады.
28 қаңтардан бастап «Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істейді, сондықтан ірі қалаларда салымшыларға қолайлы болуы үшін банк тек «Астана банкі» АҚ салымшыларына ғана кеңейтілген кесте бойынша қызмет көрсетілетін арнайы төлем орталықтарына өтініш білдіруді ұсынады. Өтемді төлеу мерзімі келесі алты айға ұзартылады — 26 шілдеге дейін және жеке тұлғаларға қызмет көрсетілетін «Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелерінде өтеді.
Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Атырауда «Астана банкі» АҚ клиенттеріне ғана өтемді төлеу үшін арнайы құрылған орталықтардың көбісі төлем аяқталғанға дейін кеңейтілген кесте бойынша сағат 09:00 бастап 21:00 дейін жұмыс істейтін болады. «Астана банкі» АҚ салымшылары кез келген күні өтініш бере алады.
«Еуразиялық банк» АҚ eubank.kz сайтында «Астана банкі» АҚ салымшылары онлайн режимінде кезек күтіп тұрған клиенттердің санын көруіне, сондай-ақ бөлімшеге келер алдында төлем сомасымен алдын ала танысуына болады.
2019 жылдың 26 шілдесінен кейін «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне өтініш білдірмеген «Астана банкі» АҚ салымшылары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына тікелей өтемді төлеу туралы өтініш бере алады және өтемді қолма-қол ақшасыз аударыммен ала алады.
Банк туралы
Еуразиялық банк — 24 жылдық даму тарихы бар қазақстандық коммерциялық әлеуметтік маңызды қаржылық банктердің бірі. Қаржылық институт бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады және корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады. Банк автокредиттеуді, POS-кредиттеуді, төлем карталарының бағытын, ұялы банкинг және жалақы жобаларын белсенді дамытып келе жатыр. Еуразиялық банк активтерінің және меншік капиталының мөлшері бойынша 10 ірі қазақстандық ЕДБ қатарына кіреді, бөлшек кредит беру нарығының ірі қатысушысы: 2018 жылғы 1 желтоқсанға кредиттік портфелінің мөлшері бойынша 4-ші. 2018 жылғы қарашада Standard&Poor’s Global Ratings халықаралық рейтингтік агентігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін «B/В» деңгейінде растады. Банк филиалдары еліміздің барлық аймақтарында орналасқан, қазіргі сәтте желінің Қазақстан бойынша 126 филиалы және бөлімшелері бар.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453
press@eubank.kz
eubank.kz