2024 жылғы 10 қыркүйек, Ақтөбе
Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған қазақстандықтарға баспана кілттерін беру науқаны жалғасуда. тағы 19 жанұя Ойыл ауданы Ойыл ауылының, 51 жанұя Ырғыз аулының жаңа қоныстанушылары атанды. Үйлер Eurasian Resources Group (ERG) пен Еуразиялық банктің құрылтайшы акционерлері бөлген 40 млрд теңгеден астам қаражатқа салынды.
Жалпы ERG мен Еуразиялық банк көмегі Ойыл ауданындағы Ойыл, Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында 172 үй салуға бағытталды. Ырғыз ауданындағы Ырғыз, Нұра және Мамыр ауылдарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 120 үй салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаражат сондай-ақ Ақтөбе қаласының Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл және Ырғыз аудандарындағы тұрғын үйлерді сатып алуға және жөндеуге бағытталды.
— Бүгін біз су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлерді табыстау үшін жиналдық. Бұған дейін ауданның қалпына келтіру жұмыстары аясында Саралжын ауылдық округіндегі үйлер пайдалануға берілген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық жұмыстар мерзімінде орындалады. Тұрғын үй құрылысы барысында жерлестеріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасына ерекше көңіл бөлінетінін атап өткім келеді, — деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.
“Қамқор-Ақтөбе 2024” қоры арқылы қаржыландырылады. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі. Алашқы және екінші нарықтағы пәтерлер сатып алынды, сондай-ақ 500 тұрғын үй салынуда. Табиғи апаттан зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсеткен ірі компанияларға, ел кәсіпкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Бүгін біз Ырғыз аулында 51 үй кілтін табыс етеміз. Қоныстанушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің үйлеріңіз әрқашан шаттыққа толы болсын! — деді облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев.
— ERG және Еуразиялық банк 30 жылдан бері елмен бірге дамып келеді. Біздің міндетіміз — бізге сенетіндердің өркендеуін қамтамасыз ету. Сондықтан еуразиялықтар біздің кәсіпорындарымыз орналасқан туған өңірлеріміздің тұрғындары тап болған мәселеден шетте қала алмады. Бүгін біз апаттан зардап шеккендердің жаңа тұрғын үй кілттерін алғанына қуаныштымыз, — деп атап өтті ERG Директорлар кеңесінің төрағасы мен Еуразиялық банк Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов.
Көмек көрсету аясында Батыс Қазақстан облысында 375 үйдің құрылысы, Орал қаласында тұрғын үйді жөндеу және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қостанай облысында қаражат тұрғын үйді сатып алу, жөндеу жұмыстарына бағытталды.