logo
Қз

"Еуразиялық банк" АҚ клиентінің дербес деректерін жинау және өңдеу мақсаттары

Құрметті клиенттер, олардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары, өкілдері және Банкпен іскерлік қатынастары бар басқа да жеке тұлғалар (жеке тұлға — кәсіпкерлерді қоса алғанда).

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” заңына сәйкес, “Еуразиялық банк” АҚ өз клиенттерінің, олармен байланысты тұлғалардың, сондай-ақ Банк банктік және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректерін алатын басқа да жеке тұлғалардың дербес деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

 

Банк Клиент туралы кез келген ақпаратты, оның дербес деректерін, фото-және/немесе бейнежазбаларын, оның ішінде электрондық, қағаз және кез келген өзге де тасығышта тіркелген биометриялық дербес деректерді (бұдан әрі – дербес деректер) Банк пен Клиент арасындағы тиісті қатынастардың туындауына қарай келесі мақсаттардың әрқайсысы үшін барлық көздерден жинайды және өңдейді:

 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банк көрсетуі мүмкін банктік және (немесе) өзге де қызметтерді алуға Клиенттің өтінімін қарастыру үшін;

 

2) Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банктік және(немесе) өзге де қызметтерді көрсету үшін, оның ішінде: банктік қарыз операциялары, төлем карточкалары бойынша операциялар, банктік және жинақ шоттары бойынша операциялар, кассалық операциялар, металл шоттар бойынша операциялар, есепке алу операциялары, конверсиялау операциялары, кепілдіктермен, аккредитивтермен және кепілгерліктермен операциялар;

 

3) “Жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік берудің қазақстандық қоры” АҚ-қа ақпарат беру үшін;

 

4) ақпарат алмасу үшін, оның ішінде клиенттің өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын, ұсынымдарын, наразылықтарын, тапсырмаларын және т. б. (және/немесе үшінші тұлғаларды) қарастыру және (немесе) оларға жауаптар беру, курьер, курьерлік қызмет, экспресс почта және т. б. қызметтері арқылы Клиенттің мекенжайына хат-хабарды (почтаны) беру (алу) жіберу (жеткізу)/алу үшін;

 

5) егер осындай басқаға беру Клиент пен Банк арасында жасалған тиісті шарттардың (келісімдердің) талаптарында көзделсе, Банктің Клиент пен Банк арасында жасалған шарттар (келісімдер) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруі үшін;

 

6) телефон, факсимильдік байланыс, байланыстың өзге де түрлері, сондай-ақ ашық байланыс арналары арқылы (оның ішінде SMS, e-mail,факс, және т. б.) Клиентке кез келген ақпараттық материалдарды, оның ішінде Банктің өнімдері және (немесе) қызметтері туралы өзге хабарламаларды маркетингтік мақсаттар үшін;

 

7) сіздің деректеріңіз бен қолма-қол ақшаңыздың қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз ету үшін Smartbank ұялы қосымшасы (Eurasian Bank JSC) келесі деректерді жинайды/жібереді/синхрондайды/сақтайды:

  • Пайдаланушының геолокациясы (бөлімдерді табу және іздеу үшін)
  • Сим-карталардың саны және esim-нің болуы
  • IMSI, ICCID, MCC, MNC
  • Қосымшаны пайдалану сәтінде қоңыраудың болуы (қатысушылар және қоңыраудың мазмұны туралы ақпаратсыз)
  • Құрылғыда орнатылған қосымшалар
  • Телефон кітапшасының контактілеріне (Пайдаланушыға төлем немесе аударым алушыны телефон нөмірі бойынша аударымдар контактілерінің ішінен таңдауға мүмкіндік береді)
  • Пайдаланушының ұялы құрылғысының камерасы (рұқсат беру мысалы Пайдаланушыға фотосурет түсіруге мүмкіндік береді)
  • Цифрлық құжаттар сервисін ұялы қосымшамен интеграциялау арқылы қамтамасыз етілген цифрлық құжаттар.

 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген (белгіленуі мүмкін) өзге де мақсаттар үшін.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.