logo
Қз

Еуразиялық банк кредиттерді есептен шығару туралы жалған ақпаратты жоққа шығарады

Еуразиялық банк әлеуметтік желілерде таралып жатқан банктегі кредит берешегін есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

 

Банк клиенттерге делдалдарға жүгінбеу керектігін айтып, бейресми көздерден таратылатын жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес береді.

 

Мерзімі өткен берешекті реттеу механизмі туралы өзекті және шынайы ақпарат:

  • әлеуметтік желілердегі Еуразиялық банктің ресми аккаунттары мен ресми сайттарда;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайты мен ресми аккаунттарында, соның ішінде “Мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады?” бөлімінде орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасында борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған банктер мен қарыз алушылар арасындағы өзара іс-қимылдың заңнама арқылы белгіленген бірыңғай тетігі жұмыс істейді. Қарыз алушы Банкке тікелей өтініш жасағанда кезде ғана берешекті реттеу шаралары жүргізіледі.  Қайта құрылымдауға берілетін өтініштер үшінші тұлғалардың қатысуын талап етпейді.

 

Қарыз алушы  растау құжаттарымен қоса, қарыз бойынша қалыптасқан берешекті реттеу туралы өздігінен өтініш береді.

 

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін өтініштерді беру жолдары қарастырылған:

  • email: contactcenter@eubank.kz бойынша;
  • немесе жақын маңдағы банк бөлімшесі арқылы

 

Клиенттердің кредиттік берешектерді кейінге қалдыру және реттеу мәселелері жөніндегі өтінітерін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Еуразиялық банктің ресми сайтында, “Клиенттердің кредиттерді кейінге қалдыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат” бөлімінде орналастырылған.

 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасы арқылы банктік омбудсман қызметінің тәртібі қарастырылған.  Банктік омудсман офисіне  https://bank-ombudsman.kz/kk/podat-obrashhenie/ ресми сайты арқылы қашықтан өтініш жолдауға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.