logo
Қз

Алаяқтық тәсімдердің мысалдары мен мәселеден құтылу кеңестері

Бүгін жаппай сипатқа ие болуы мүмкін кредит берумен байланысты алаяқтық тәсімдері көп емес.  Алайда жекелеген жағдайлар тіркелуде.  Алаяқтар әрекет ететін бірнеше тәсімдер бар.  Қазақстандықтар неден қорқу керек?

 

1. Жалған жеке куәлік бойынша кредит алу.

 

Азамат жеке куәлігін жоғалтып, құжат қаскүнемдердің қолына түсті.  Олар не істей алады?

 

1. Белгілі бір ақыға қылмыстық келісімге қатысуға келіскен басқа адамның суретін пайдаланып, жеке куәлікті қолдан жасау.
2. Жалған куәлігі бар адамды кредитті рәсімдеу үшін кредиттік мекемеге мысалы, микроқаржыландыру компаниясының кеңсесіне немесе тіпті банкке жіберу.

 

Бұндай тәсіл кредит картасын ашу немесе қолма-қол ақшалы кредитті ресімдеу кезінде іске асады.  Автокредит немесе ипотека ресімдей алмайды — банктің қауіпсіздік қызметі алаяқтық белгілерін байқайды.

Қолма-қол ақшамен кредитті қылмысқа қатысушы қаржы ұйымы қызметкерінің көмегімен ғана алуға болады.

 

Не істеу керек:  куәлік жоғалған жағдайда полицияға хабарласыңыз.  Міндетті түрде полициядан өтініш берген күні бар анықтаманы алып, оны сақтап қойыңыз.

 

2. Делдалдар арқылы кредит беру.

Қала көшелерінде және ғаламторда сыйақы үшін кредитке өтінімді жүз пайыз мақұлдауға уәде беретін ұйымдардан хабарландырулар көп.  Алайда бұл күмәнді қызмет, өйткені кредитті мақұлдауға тәуекелдерді болжау бөлімі мен банктің қауіпсіздік қызметі клиенттің қаржылық мүмкіндіктері мен оның кредиттік тарихын бағалауы әсер етеді.  Сонымен қатар кредиттік скоринг — үміткердің кредитті төлеу қабілетін бағалайтын арнайы бағдарлама бар.  Көбінесе мұндай ұйымдар сізді алдайды.  Олар сіздің ақшаңызды иеленіп, жоқ болып кетуі мүмкін.  Немесе банк ойдағыдай мақұлдаған өтінімді өзінің еңбегі деп көрсетіп, ал сәтсіз болған жағдайда істің нақты жағдайына қатыссыз мән-жайларға сілтеуі мүмкін.

 

Не істеу керек:  қарыз алу үшін банкке тікелей келу, кредит тарихын бұзбау және өзіңіз төлей алмайтын кредиттерді алмау үшін төлемдерді уақтылы төлеу.

 

3. Кредиттік карталармен алаяқтық.

Бірінші нұсқа —  жалған банкоматтар.  Қаскүнемдер банк логотиптеріне ұқсас суреттер бар конструкцияларды орнатады.  Клиент карточканы пайдаланады, өз ДСН-кодын енгізеді, содан кейін құрылғы істен шығып, картадағы қаражатты алып алады.

Екінші нұсқа — ДСН-кодты оқып алу немесе скимминг.  Алаяқтар кәдімгі банкоматты арнайы пернетақтамен және картақабылдағышқа арналған жапсырмамен жабдықтайды.  Жапсырма картаның барлық деректерін оқып алады және қылмыскерлердің қолына береді, пернетақта да кодпен осыны жасайды.  Осыдан кейін картадағы қаражаттың сақталуы қауіпсіз емес.

Не істеу керек:  SMS-хабарламаны міндетті түрде қосу, транзакцияларды қадағалау және банкке картшотпен жасалған кез келген күдікті әрекеттер туралы мәлімдеу.

 

Назар аударыңыз! Банк қызметкерлері ешқашан және қандай да бір жағдай болмасын қоңырау шалмайды және төлем картасының деректемелерін, ДСН-кодты, логин мен құпия сөзді беру туралы өтінішпен хат немесе SMS жібермейді.

 

Егер сіздің деректеріңіз қаскүнемдердің қолына түскенін немесе сіздің шоттарыңызбен операциялар сіздің рұқсатынсыз жүргізілетінін білсеңіз, Еуразиялық банктің байланыс орталығына телефон арқылы хабарласыңыз:

+7 (727) 332-77-22 — қалалық;
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Altel/Tele2;

+7 (702) 000-77-22 — Kcell/activ.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.