logo
Қз

Құрметті «Астана Банкі» АҚ клиенттері!

«Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілді өтеуді төлеу бойынша банк-агенті ретінде таңдалды

Өтініштерді қабылдау қашан басталады?

Өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 26 қаңтарда басталады және 2019 жылғы 26 шілдеге дейін өз жалғасын табады.

Кепілдікті өтеуді алуға кім үміттене алады?

Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Астана Банкі» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар.

 

Кепілдікті өтеу ағымдағы шоттар мен төлем карталары бойынша қандай көлемде төленеді?

Өтеудің мөлшері түрі мен валютасына байланысты қарастырылады:

  • 10 миллион теңге — ұлттық валютадағы депозиттер, ағымдағы және карта шоты бойынша.
  • 5 миллион теңге — шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

Егер сізде теңге және шетел валютасында депозит болса, өтеудің максималды мөлшері 15 миллион теңгені құрайды.

«Астана Банкі» АҚ клиенттеріне қаражаттарының қайтарылуына кім кепіл болады?

«Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтеуді төлеу үшін «Еуразиялық банк» АҚ-ты ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Қаражаттар қалай төленетін болады?

Қаражаттарды төлеу 5 әдіспен жүзеге асырылады:

  • Еуразиялық банктегі жаңа депозитке аударыммен — депозит бірден ашылады.
  • Еуразиялық банктің картасына аударыммен — карта бірден рәсімделеді, картаны шығару және ол бойынша қызмет көрсету комиссиясыз.
  • Басқа банкке аударыммен — аударымдар «Еуразиялық банк» АҚ-тың тарифтері бойынша жүзеге асырылады.
  • Кассада қолма-қол ақшамен.
  • Еуразиялық банктегі депозитке, ағымдағы немесе карталық шотқа, егер ашылып қойған болса.

 

Кепілді қайтару үшін қандай құжаттар қажет?

  1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
  2. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті береді. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін — қажетті құжаттардың тізімімен «Астана Банкі клиенттеріне» арналған жиі қойылатын сұрақтар парақшасында мұқият танысуыңызды өтінеміз.Банкке баруды қашан жоспарлау қажет?

Астана Банкінің салымшыларына өтеуді дер кезінде төлеу үшін жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Еуразиялық Банктің барлық бөлімшелері 26 және 27 қаңтарда (сенбі және жексенбі) жұмыс жасайды.

Бұдан басқа, Астана Банкінің клиенттеріне өтемақы төлеу үшін Банктің жеті бөлімшесі күшейтілген режимде  жұмыс істейді. «Астана Банкінің клиенттеріне» арналған  жиі қойылатын сұрақтар парақшасында күшейтілген бөлімшелер тізімін қараңыздар.

Өтеу Еуразиялық банктің қай банк бөлімшелерінде беріледі?
Өтеу Еуразиялық банктің барлық бөлімшелерінде беріледі. 26 және 27 қаңтарда Астана Банкінің салымшыларына ыңғайлы болу үшін жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Еуразиялық Банктің барлық бөлімшелері жұмыс істейді.

2019 жылдың 26 ​​қаңтары – 08.00-ден 22.00-ге дейін.

2019 жылдың 27 қаңтары – 08:00-ден 20:00-ге дейін.

2019 жылғы 28 қаңтардан бастап бөлімшелер тұрақты режимде, ал Астана Банкінің клиенттеріне өтемақы төлеу үшін күшейтілген режимдегі бөлімшелер 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Күшейтілген режимде жұмыс істейтін бөлімшелер тізімін төменде қараңыз. Барлық филиалдардың мекен-жайлары жайлы ақпаратты eubank.kz «Филиалдар мен терминалдар» бөлімінде. «Астана Банкінің клиенттеріне» арналған  жиі қойылатын сұрақтар парақшасында күшейтілген бөлімшелер тізімін қараңыздар.

Кепілдендірілген өтеу қашан аударылады?

Заңға сәйкес Еуразиялық банк кепілдендірілген өтеуді алу құқығын растайтын қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кепілдендірілген өтеуді төлейді, алайда біз өтеуді жолыққан сәтте, сол күні төлеуге тырысамыз.

Менде сұрағым бар. Жауапты қайдан алсам болады?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және өтеуді алудың егжей-тегжейлі талаптары «Астана Банкінің клиенттеріне» парақшасында орналасқан.
Оған қоса Еуразиялық банктің байланыс орталығының қызметкерлері төменде көрсетілген телефондар бойынша сізге әрдайым қол созуға дайын.

 

  • Қалалық: +7 (727) 332-77-22.
  • Beeline: +7 (771) 000-77-22.
  • Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22.
  • Kcell: +7 (702) 010-77-22.

 

Сонымен қатар сізге банктің әлеуметтік желілердегі кері байланыс менеджерлері өз қызметтерін көрсетеді:

Facebook: @eurasianbank

Instagram: @eurasianbankВКонтакте: @eubank_kz
Telegram: @bankeurasian, @eulady

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.