2020 жылғы 25 мамыр
Еуразиялық банк WOOPPAY қаржы технологиясы компаниясымен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет Тәжікстанда шығарылған «Корти Милли» карталарын лезде толықтыруды іске қосты, бұл ақша аударымдарын жеңілдетуге және арзандатуға мүмкіндік береді.
«Корти Милли» ұлттық төлем жүйесінің карталары Тәжікстанда ең кеңінен таралғандардың қатарында: 2019 жылдың қорытындысы бойынша елдегі карталардың үлесі 77,9% құрады, ал бұл шамамен 1,9 миллион дана. Елдегі барлық дерлік банктер осы төлем жүйесіне қосылған.
ҚР Ұлттық Банкінің статистика мәліметтері бойынша, 2019 жылы орташа есеппен бір айда Қазақстаннан Тәжікстанға ақша аударымдарының көлемі шамамен 1,19 млрд теңгені құрады.
Еуразиялық банк клиенттерге жаңа интернет-қызметтерді іске қосумен күнделікті мәселелерді оңтайлы шешуді ұсынуға ұмтылады. WOOPPAY қаржы технологиясы компаниясының көмегімен ақша аудару оңай және жылдамырақ болады және Smartbank мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Еуразиялық банк аударым үшін комиссия алмайды. Сома айырбастау бағамы бойынша толығымен аударылады.
Қызметті пайдалану үшін жаңа клиенттер Еуразиялық банкте ағымдағы шот немесе тегін түрде — Visa/Mastercard төлем картасын ашуы қажет. Картаны банктің терминалдары мен бөлімшелері немесе «Касса24» терминалдары арқылы, сондай-ақ Smartbank қосымшасында немесе pay.smartbank.kz сайтынан картадан картаға аудару арқылы толықтыруға болады.
Smartbank қосымшасында «Корти Милли» картасын толықтыру үшін:
1. Smartbank қосымшасын ашу.
2. «Төлемдерге» өту.
3. «Электронды әмияндарды» және одан әрі «Корти Милли» Тәжікстан картасын толықтыруды таңдау.
WOOPPAY қаржы технологиясы компаниясы Қазақстан аумағындағы онлайн төлемдер нарығының көшбасшысы және электрондық ақша жүйесінің ірі операторы болып табылады. Қазақстанда WOOPPAY 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. WOOPPAY арқылы мобильді операторлардың 12 миллионнан астам клиенті телефон теңгерімінен төлеуге мүмкіндік алды.
Еуразиялық банк 25 жыл бойы ірі қазақстандық қаржы институттарының ондығының қатарында. Тауарлық және тұтынушылық кредит беру бойынша үштік ішінен тұрақты орны бар, автокредит нарығында 55% үлеспен орнықты түрде көш бастап келеді. Банктің қызмет көрсету желісі бүкіл ел бойынша 17 филиал мен 114 бөлімшені қамтиды.
«Еуразиялық банк» АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
еubank.kz