logo
Қз
astana-bank-img

Уважаемый клиент, вы можете самостоятельно проверить информацию о сумме выплат по Банку Астаны.

astana-bank-img

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ

салымшыларының назарына!

 

«Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларын өтем алу жөніндегі өтінішті онлайн беру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдердің электрондық порталын іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 2021 жылдың 7 желтоқсанынан бастап, «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері арқылы «Астана Банкі» АҚ пен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларынан кепілдік берілген өтемді төлеуге жазбаша өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылады.

 

Өтініштерді қабылдауды қайта бастау күні туралы қосымша ақпарат беріледі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне бармас бұрын, банктің байланыс орталығының +7 (727) 332-77-22 (E-mail: contactcenter@eubank.kz.) телефон нөмірі  және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 1460 (E-mail: kdif@kdif.kz) телефон нөмірі бойынша өтініш қабылдауды қайта жалғастыру уақытын алдын ала нақтылауға кеңес береміз.

Құрметті клиент

Вы можете самостоятельно проверить информацию о сумме возмещения по Банку Астаны.

Маңызды! Егер ЖСН бойынша көрсетілген телефон нөмірі болмаса, ақпарат берілмейді.


Введите номер телефона, который вы указывали в договоре по своим счетам в Банке Астаны.


Уважаемые клиенты АО «Банк Астаны»!

Видеообращение Председателя Правления АО «Евразийский банк» 

Астана Банкі өтеулері бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Кепілді өтеуді «Еуразиялық банк» АҚ 2019 жылдың 26 қаңтарынан 2021 жылдың 29 шілдеге дейін төлейді. 2019 жылдың 26 қаңтарына дейін «Еуразиялық банк» АҚ өтініштерді қабылдауға және кепілді өтеуді төлеуге құқығы жоқ. 2021 жылдың 29 шілдеден бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілді өтеуді төлейді.

Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Астана Банкі» АҚ депозиттерінде, ағымдағы және карталық шоттарда орналасқан ақша бойынша өтеуді алуға құқықтары бар.

Кепілді өтеу «Астана Банкі» АҚ ашылған депозит, ағымдағы шоттар мен төлем карталары бойынша төленеді.

Кепілдік берілген өтемді төлеу ең жоғары кепілдік берілген сома мен кредиттік міндеттемелерді ескере отырып, “Банк Астаны” АҚ тарату комиссиясы ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептей отырып, депозиторлар тізімінде көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады.

 

Түрі мен валютасына байланысты кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік өтемі:

– ұлттық валютадағы жинақтау салымы  (депозит) бойынша  20 миллион теңгеден аспайды;

–  ұлттық валютадағы басқа  салымдар бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 10 миллион теңгеден аспайды;

– шетел валютасындағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 5 миллион теңгеден аспайды.

 

Бұл ретте егер сіздің әр түрлі валюта мен түрлері бойынша  бірнеше салымдарыңыз болса, онда депозиттің  әрбір түрі бойынша белгіленген лимиттерді ескере отырып, олар бойынша кепілдік өтем жиынтығында 20 миллион теңгеден аспауға тиіс.

 

ҚДКБҚ ақшаны банкті лицензиядан айыру күніне есептелген сыйақымен бірге төлейді. ҚДКБҚ шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемді банк лицензиясынан айырылған күнгі айырбас бағамы бойынша теңгемен есептейді және төлейді.

Кепілді өтеу тек ұлттық валютада ғана төленеді. Шетел валютасындағы депозиттер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы бағамы бойынша теңгемен аударылады:
USD — 373,66 KZT.
EUR — 427,80 KZT.
RUB — 5,57 KZT.
GBP — 476,90 KZT.

«Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтеуді төлеу үшін «Еуразиялық банк» АҚ ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Қаражаттарды төлеу 5 әдіспен жүзеге асырылады:
• «Еуразиялық банк» АҚ депозитке, ағымдағы немесе карталық шотқа, егер ашылып қойған болса.
• «Еуразиялық банк» АҚ жаңа депозит немесе ағымдағы шотқа аударыммен.
• «Еуразиялық банк» АҚ жаңа картаға аударыммен.
• Кассада қолма-қол ақшамен.
• Басқа банкке аударыммен.

Астана қаласындағы екі бөлімше (Момышұлы к., 4; Кенесары даңғылы, 44) “Астана Банкі” АҚ кепілді өтемді 4 тәсіл арқылы ғана төлейді:

1. “Еуразиялық банк” АҚ ашылған депозит, ағымдағы және карталық шотқа аудару.

2. “Еуразиялық банк” АҚ жаңа депозит немесе ағымдағы шотқа аудару.

3. “Еуразиялық банк” АҚ жаңа картаға аудару.

4. Басқа банктағы шотқа аудару.

Назар аударыңыздар!

Кепілді өтемді бөліп алуға болмайды (мысалы, бір бөлігін депозитке, бір бөлігін қолма-қол немесе картаға), тек ғана толық қаражатты алуға болады.

Өтемді алғаннан кейін өзіңіздің қалауыңыз бойынша басқаруыңызға болады.

Кепілдік өтемақыны қолма-қол ақшамен алу кезінде, Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа депозиттік шотқа аудару арқылы комиссия алынбайды.

Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа картадан кепілдік өтемақыны алу кезінде, сондай-ақ аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

Басқа банктегі шотқа аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтініш беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.

Егер сіз сенімді адам болсаңыз, қандай құжаттар қажет?
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сенімді адамның.
2. «Астана Банкі» АҚ ашылған депозиттер бойынша «Еуразиялық банк» АҚ кепілді өтеуді алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.

Кепілді өтеуді мұрагерлік арқылы алған кезде қандай құжаттар қажет?
1. Мұрагердің ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын жеке куәлік.
2. Мұра құқығына берілген куәлік (немесе нотариалды куәландырған көшірме) немесе сот шешімін оның заңды күшіне енуі туралы куәлік.
3. Салымшының қайтыс болғандығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және «Еуразиялық банк» АҚ-ның заңнамасында және ішкі құжаттарында көзделген өзге де құжаттар.
4. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.

Тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайда қандай құжаттар қажет?
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Тіркеу бөлімі берген неке туралы куәлік немесе атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз (шаруа немесе фермерлік шаруашылық субъектілері, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, заңгер немесе Қазақстан Республикасының кәсіби медиаторы), қажетті құжаттар:
1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе нотариалды-адвокаттық қызметті немесе жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия.
3. Сондай-ақ Еуразиялық банктің бөлімшесіне барған кезде сізге толтыру үшін арнайы өтінішті беріледі. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін*.
* Қосымша құжаттардың тізімі
1. Сенімді тұлға болған жағдайда: жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарда салымшының жеке басын анықтайтын мәліметтер болмаған жағдайда, салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН).
2. Басқа да даулы жағдайлар туындаған жағдайда (көрсетілген құжаттардың кез келген түрлеріне жол беріледі): «Астана Банкі» АҚ мен салымшы арасында жасалатын банктік шот шарты (салымы), Астана Банкінің салымшының алдындағы міндеттемелерін растайтын құжаттар, ақшалай міндеттемесі бар төлем құжаттары, шоттардағы ақшаны орналастыруды растайтын ақшалай төлемдер туралы нұсқаулық, түбіртектер, қолма-қол ақшалар және фискалдық чектер Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес немесе салымшының немесе өтініш берушінің заңдық негізділігін растайтын басқа да құжаттар.

Қаражат банкке жолыққан күні беріледі. Сенімді тұлғаларға, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелетке толмағандарға, аты-жөндерін өзгерткен салымшыларға ақша беру «Еуразиялық банк» АҚ барлық қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, заңды пікірді қалыптастыру қажеттілігіне байланысты кепілдік өтеуді төлеу құқығын растау үшін.

Депозит кепілді өтеуді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінім жасалған күні ашылады.

Ақша жаңа депозит ашылған немесе ағымдағы депозитке аударылған күні түседі.

Аты-жөні көрсетілмеген карта кепілдік өтемақы төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда апелляциялық күні шығарылады.

Ақшаны жаңа картаға шығарылған күні немесе ағымдағы картаға кепілдік өтемінің аударған күні түседі.

Кепілдік төлемі басқа банктегі шотқа үш жұмыс күннің ішінде жіберіледі.

«Еуразиялық банк» АҚ барлық бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтеуді төлейді. Бұдан басқа, «Астана Банкі» АҚ клиенттеріне өтеуді төлеу үшін банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына алты қалада арнайы төлем орталықтарын ашты. Төлем орталықтарының тізімін, төменде қараңыз.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларына дереу өтеуді төлеу үшін 26 және 27 қаңтарда жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Еуразиялық Банктің барлық бөлімшелері жұмыс істейді (сенбі, жексенбі).
2019 жылдың 26 қаңтары – 08.00-ден 22.00-ге дейін.
2019 жылдың 27 қаңтары – 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Келесі бөлімшелерден басқа:
1. Алматы қ., Райымбек даңғылы, 239г, MAXIMA СҮ — 26 қаңтарда 10:00-ден 22:00-ге дейін, 27 қаңтарда 10:00-ден 20:00-ге дейін.

  1. Алматы қ., Розыбакиев к., 263, Mega-2 СҮ — 26 қаңтарда 10:00-ден 22:00-ге дейін, 27 қаңтарда 10:00-ден 22:00-ге дейін.
  2. Ақтау қ., 31 ықшам ауданы, «Мағаш» СҮ — 26 және 27 қаңтарда 09:00-ден 18:00-ге дейін.
  3. Ақтау қ., 9 ықшам ауданы, «Ардагер» СО — 26 қаңтарда 10:00-ден 21:00-ге дейін, 27 қаңтарда 10:00-ден 20:00-ге дейін.
  4. Ақтау қ., 16 ықшам ауданы, «Ақтау» ОСО — 26 қаңтарда 10:00-ден 21:00-ге дейін, 27 қаңтарда 10:00-ден 20:00-ге дейін.
  5. Ақтөбе қ., Молдағұлова к., 53а — 26 қаңтарда 09:00-ден 22:00-ге дейін, 27 қаңтарда 09:00-ден 20:00-ге дейін.
  6. Қарағанды қ., «Восток-2» ықшам ауданы, 5/3 үй — 10:00-ден 19:00-ге дейін.
  7. Қарағанды қ., Б. Жырау даңғылы, 86 — 09:00-ден 19:00-ге дейін.
  8. Павлодар қ., Камзин к., 168 — 09:00-ден 19:00-ге дейін.
  9. Шымкент қ., Еңбекші ауданы, Шаяхметов к., 3/2 — 26 қаңтарда 09:00-ден 18:00-ге дейін, 27 қаңтарда 10:00-ден 16:00-ге дейін.

2019 жылғы 28 қаңтардан бастап бөлімшелер әдеттегі режимде, «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлем орталықтарын қоспағанда, олар 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Төлем орталықтарының тізімін әрі қарай қараңыздар.
1. Астаны қ., Қонаев к., 14.
2. Алматы қ., Байтұрсынұлы к., 50-52.
3. Алматы қ., Төле би к., 187а.
4. Шымкент қ., Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 1в.
5. Ақтау қ., 5 ықшам ауданы, 45 үй.
6. Қарағанды қ., Әбдіров к., 3/2.
7. Павлодар қ., Набережная к., 3.

8. Атырау қ. Құлманов к, 107.

9. Атырау қ. Азаттық даңғылы, 66.

Бөлімшелердің мекен-жайын eubank.kz «Бөлімшелер мен терминалдар» бөлімінде.

Егер сіздің жеке куәлігіңізде ЖСН болмаса:
1. Уәкілетті органнан ЖСН алу.
2. ЖСН тағайындалғаннан кейін тарату комиссиясына кепілдік өтемдерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы өтініш жасау.
3. ЖСН тағайындаған және тарату комиссиясына өтініш бергеннен кейін «Еуразиялық банк» АҚ-ға кепілдік өтемін алуға бару.

Кепілдік сомасынан немесе капиталдандырылмаған пайыздардан тыс депозиттік балансты төлеу бойынша талаптары бар салымшылар, қалған сомаларды алу үшін «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясына жүгінуге құқылы.

Осы борыштар болған жағдайда сіз ақшаны тек ақшамен қайтара аласыз. Заң бойынша, егер клиентте салық бойынша берешек болған жағдайда банктерге шот ашуға рұқсат берілмейді. Астана Банкінің кепілді өтеуін төлеу кезінде мәселені болдырмау үшін, kgd.gov.kz Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында қарызды тексеруге кеңес береміз,  қарыз болған жағдайда, оны жабуыңызды сұраймыз.

Төленетін кепілді өтеуді клиенттің «Астана Банкі» АҚ ағымдағы міндеттемелерін есепке ала отырып есептеледі. Осылайша, борыш төлемнің мөлшері кепілдік өтеуден алынады.

Кепілді сомасынан немесе капиталдандырылмаған пайыздардан тыс депозиттік балансты төлеу бойынша талаптары бар салымшылар, қалған сомаларды алу үшін «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясына жүгінуге құқылы.

Өтеу туралы сұрақтарыңызбен Еуразиялық банктің байланыс орталығына төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуыңызға болады.
• Қалалық: +7 (727) 332-77-22.
• Beeline: +7 (771) 000 7722.
• Tele2 / Altel: +7 (700) 000 7722.
• Kcell: +7 (702) 010 7722.
Facebook: facebook.com/eurasianbank
Instagram: instagram.com/eurasianbank
«ВКонтакте»: vk.com/eubank_kz
Telegram: @bankeurasian@eulady

«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына, сондай-ақ Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорына жолығу үшін төмендегі байланыс номерлеріне хабарласуыңызды өтінеміз.

Тарату комиссиясы
· Алматы қ., Көктем-2 шағын ауданы, 22 үй (телефон: +7 (727) 259-60-60).
· Астана қ., Б. Момышұлы даңғылы, 14, ВП-8 (телефон: +7 (777) 154-88-79).
· Ақтау қ., 4 шағын ауданы, 73 үй (телефон: +7 (7292) 70-10-25, вн.: 15012, 15001).
· Ақтөбе қ., Санкибай батыр даңғылы, 249 (телефон: +7 (7132) 70-47-89, +7 (7132) 70-47-62).
· Атырау қ., Сатпаев к., 19 (телефон: +7 (7122) 55-80-21).
· Өскемен қ., Орджоникидзе к., 35 (телефон: +7 (7122) 55-80-21).
· Қарағанды қ., Степной-2 шағын ауданы, 6/1 үй (телефон: +7 (7212) 55-99-01, вн.: 16003, 16020, 16018).
· Павлодар қ., Кирова к., 115/1, н.п. 33 (телефон: +7 (7182) 70-39-97, вн.: 17031, 17045). · Шымкент қ., Қонаев к., 13 (телефон: +7 (7252) 99-71-80).

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
Call-центр: 1460
Telegram: @kdif_ask

kdif.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.